Хэллоуин – қазаққа төнген қауіп!

маржан

   Ақылтай Маржан.
   ҚМПИ Филология факультеті,
   1-курс студенті.
 
 
 
 
 
 
Азаттықтың ақ таңы атқанына биыл 24 жыл. Осы жылдар ішінде әлі ұлттық рухтың, ұлттық сананың толық қалыптаспағаны ащы да болса шындық. Бірақ, осы олқылықтың орнын толтыруға, осы қатердің алдын алуға тырыспайтын да сияқтымыз.
Біздегі пайда болған осындай саңылауға біреу тілін, біру дінін, біреу ділін, енді біреулері мейрамын әкеп тығуда. Той десе, қу бас домалайтын қазақтың әлсіз тұсын басып, мерекелерімен еліктірудегі мақсат – мейрам арқылы мемлекетте өз идеологиясын жүргізу. Ал, идеологиясы құрып тынған халықтың, басы иіліп тынары бесенеден белгілі.

Halloween-1024x512

Осындай, ұлтқа қатерлі мейрамдардың бірі – Хэллоуин. Әупірімдеп жүріп, Әулие Валинтиннің қазақша нұсқасын  жасап, сәуірге ығыстырдық. “Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады” демекші, әлі толық айыға қойған жоқпыз.

8637_b_1351338123

 
Енді бұл қатарға енген, бейресми мереке ретінде тіркелген 31 қазандағы Хэллоуиннің сергелдеңі тіпті күшті.
Ал, осы Хэллоуинді тойлап жүрген жастарымыз тарихынан хабардар ма екен? Христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ, Францияның аумағында “Кельт” атты жұрт өмір сүрген. Олардың түсінігінде Күн қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхэйннің тұтқынында болады-мыс. Тура 31 қазан күні кельттар өздерінің Самхэйн атты мейрамдарын тойлаған. 

83957379

Кельттар пұтқа табынушылар болған. Олар мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сеніп, солардың бейнесіне еңген. 31 қазан ескі ағылшын тілінде “All Hallows” (“барлық әулиелер кеші”) деп аталған. Кейін жәй ғана Хэллоуинге айналған.
Жалпы, біз қазақ халқы еліктегіш халықпыз дейміз. Бірақ, дәл осындай дәрежеде құлдырап, мәнсіз, жат мерекеде жастарымыздың дүрлігіуіне не себеп? Хэллоуинді тойлаймыз деп жүріп, түр әлпетіне түрлі сұрықсыз бояулар жағып, жын-шайтан бейнесіне еніп, өз еріктері мен адамдықтан айуандыққа өткендеріне мәз. Тіпті, соны суретке түсіріп әлеуметтік желілерге қаптатады.

33b137

Осы Хэллоуин тойлау кезінде түрлі заң бұзушылық фактілеріде кездескен. Алыс шет елді қойғанда, өз елімізде көшедегілердің үрейін ұшырып, көлік дөңгелектерін жарып, жарнамаларды қиратып,бояп түрлі бұзақылық, ессіздік жасағандар кездескен.
Өзім оқитын институт қабырғасынанда мағынасы қорқынышты, бірақ бізге ешбір мәні жоқ, жат мейрамның соңында жүргендерді байқадым. Қараптұрсам, бәрі де түрі қазақ ұл-қыздар. Әрине, өзегіңді өртейді, жаның ашиды…

hallo

Ұлт болашағы – жастардың қолында дейміз. Ал, Хэллоуин тойлап жүрген жастардан не үміт? не болашақ күтеміз? Жастарымызың көпшілігі иман жолына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанып келе жатқанда мынандай мейрамдардың сананы,ұтты бұзары айқын.

Helouin

Бұл мейрамның заңмен алынып тасталғанын қалаймын. Дәстүрлі мейрамымыз – Наурыз, мұсылмандар мейрамы – Рамазан, Құрбан айт секілді, тағы да басқа көптеген өзіміздің төл мерекелерімізде ғана жастардың белсенділігін көргім келеді.
Ел тірегі – жастар. Тірегімізді ұлттық сана мен ұлттық рухпен байытайық.
                                                                             

 

You may also like...

6 Responses

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Жарайсың

  2. Сезім айтты:

    Бір жағынан қызықты мереке.үрейленіп қаша береміз бе әр нәрседен.жаңа жылды тойлауға болмайды, 8-наурыз тойлауға болмайды.өзі көңілді бір мереке қалмады ғой

    • Айдос айтты:

      Дұрыс айтасың. Анау жат, мынау жат деп жүре береміз. Қазақы әдет-ғұрыппен ғана жүретін болсақ, қамажайға билеп, ет жеп, шәй ішіп жүре берер едік. Бұл заманмен келген үдеріс, осы заманның модасы. Қоғамға келеңсіз көрінген  жайттер біздің заманымызға дейін болған. Балағы кең шалбар киіп, шашты қобыратып жіберу 50-60-шы жылдары сәнге айналып, қазіргі ортамызда жүрген ағаларымыз бен апаларымыз осы сәннің соңында кеткен еді. Алды алпысты алқымдаған ел ағаларының қайсысын қазір  галифе шалбармен, ұзын шашпен көріп жүрсіңдер? Барлығы да қазіргі қоғамға бейімделіп кетті. сол сияқты, хеллоин де ерте ме кеш пе, қызықты естелік есебінде біздің санамызда ғана қалады. Жақсылық  – мәңгі жасайды, Ал, күмәнді – қашан да ұмытылып кетеді.

  3. Дана айтты:

    Талғам жқнінде әңгіме болса бір басқа. Ал енді көрінгендікін қызық деп ала беру бір басқа. Қалса мүмкін қалар. Мүмкін тіпті сіңіп те кетер. Дардай адам, Айдос сіздікі қателік.Жиіркенішті мереке. Жалпы өлі риза болмай тірі байымайды.5 сыынптың балсынша ойлаудың не крегі бар. Қазақта бидің бірнеше түрі бар, ет жеп атпен шабу, тойып алып ұйықтау, жалқаулар деді 10 жасар інім бір-екі жыл бұрын. Қазір бірақ тіптен басқа пікірде.Ешбір ұлттың мерекесі керек емес. Мерекешіл болсаңдар бар ғой әрбір күні сылтау табуға болады: ең жақсы көретін әншім, мұғалімім, дос қызым, құрбым, жолдасым,анама сыйлық, әкеме сыйлық, достарға тосын сый, ҚР күнтізбесінде жоқ халықаралық мерекелер бар.Немене бас десе құлақ дейсіңдер осы, а??? А вообще дуракам всегда -праздник. 🙂

  4. Жадыра айтты:

    Дурыс айтасыз Дана толык келисемин. Оз динин курмет етпеген жастардан не умит не Кайыр бар дейсин… Динин саткан адамнан безу керек.. Сиз жок адамнын кытыгына тиетин сиз.

  5. Жадыра айтты:

    Соз жок тамаша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓