Көлігіңізге абай болыңыз!

Өткен демалыс күндері полицейлер екі бірдей заңсыз көлік айдау фактісін әшкереледі.
22 қазан күні жергілікті патрульдік полицейлер қаламыздағы Бородин көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан қолындағы аккумуляторды жерге тастай салған бір жігітті көздері шалады. Көлік тонау оқиғасы болуы мүмкін екендігіне күдіктенген полицейлер дереу әлгі жігітті тоқтатады. Аккумулятор ұрлап, өз кінәсін мойындаған күдікті 24 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты.1073737
Сондай-ақ, 23 қазан күні де жергілікті полицейлер тағы бір қылмысты әшкереледі. Осы күні Лермонтов көшесінің бойындағы гараждан көлік доңғалағының жоғалғандығын айтып, бір ер кісі шағымданады. Келтірілген шығын көлемі 108 000 теңге. Жедел-іздестіру шараларының арқасында полицейлер 20 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
 
Қарлығаш Маратқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓