Өңірде қылмыс 15 пайызға төмендеген

Тоғыз айдың ішінде Қостанай облысында тіркелген қылмыстар арасында ауыр қылмыс 12,5 пайызға, аса ауыр қылмыс 29,8 пайызға төмендеген. Ал ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 20 пайызға өскен.сотталгандарСтатистика бойынша көбінесе пәтер тонау, ұялы телефондарды жымқыру, мал ұрлау мен көлікті заңсыз айдап әкету сияқты қылмыстар алдыңғы орындарда екен. Дегенмен, полицейлердің айтуынша, биыл өңірде ұрлық-қарлық та азайған көрінеді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының деңгейі де төмендеген. Мәселен,  тоғыз айдың ішінде 331 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 460 адам түрлі жарақат алып, 50 адам көз жұмған. Ал өткен жылы осы мерзім ішінде 463 жол апаттары тіркелген көрінеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓