Ұсақ тәртіпсіздік те үлкен мәселе

Қоғамдық орындарда тұрғындардың мәдениетсіз іс-қимылдарымен байланысты құқық бұзушылықтар саны жыл сайын артып келеді. Басты себеп – тұрғындардың құқықтық  тәрбиесі мен білімінің төмендігі.усак
«Жыл сайын осындай бұзушылықтардың саны артуда. Мүлдем төзбеушілік принципін іске қосу керек», – деп мәлімдеді облыс прокуроры Марат Қайыбжанов алқа отырысы барысында.
Осы мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасы «Мәдениет және тәртіп» жобасын іске асырғалы отыр. Бұл жоба темекі өнімдерін қолдануға, қоқыс лақтыруға, сөйлеу мәдениетін бұзуға және қоғамдық орындарда ішімдік заттарын қолдануға тыйым салынуға байланысты жасалатын құқықбұзушулықтарды азайтуға бағытталған.
Жобаны жүге асыру барысында, осы уақыттағы мәселелерді шешудің жоспарлы-нысанды тетіктерін құрастыру мүмкіндігі және барлық құқықтық жүйенің, мүдделі органдар мен жанашырлық танытатын азаматтардың күш-қуаты бірігіп, күш-жігерлерінің шоғырлануы болады деп күтілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓