«Білімнің туын асқақтатқан ағартушы»
Міне, осындай атпен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражайда Ұлы ұстаздың туғанына 175 жыл толуына байланысты тағзым кеші болып өтті. Кешке облысымыздың білім, мәдениет саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, ыбырайтанушылар, ақын-жазушылар, білікті, ардақты педагогтар, студенттер, оқушылар қатысты.-Жыл бойғы да, былайғы уақыттарда да жерлесіміз, ағартушы педагог, есімі білімнің шам шырағындай жарқырап тұратын Ы. Алтынсаринге арналған іс-шаралар өз жалғасын тауып, ұйымдастырыла беретіні сөзсіз. Биыл ұстаз атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Өңірімізде мерейтойға арналып небір іс-шаралар өтті. Әрқайсысының өзіндік мәні, мағынасы, тағылымы бар. Ұстаздың келешек ұрпаққа айтқан өсиеті, қалдырған мұрасы, шығармалары, еңбектері баға жетпес байлық болып табылады. Тағзым кешінде Беген Көпеш, Қалқаман Жақып, Қуаныш Орманов секілді ыбырайтанушы ғалым ағаларымыз қатысып, өздерінің жыл лебіздерін білдіретін болады.
Өткен ғасырда өмір сүріп, еліміздің бүгінгі келешек ұрпағына адамгершілік, еңбекқорлық, достық, өнер-білім туралы жазған ізгілік әңгімелері, білім алуға шағырған өлеңдері мән-мағынасын жоғатқан жоқ. Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алмайық, «Мақта қыз», « Бай баласы мен жарлы баласы», «»Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» – барлығы да балаларымызды еңбектенуге, білім алуға, адалдыққа шақырады. «Кел, балалар оқылық» өлеңі ше? Халқының болашағына ден бойлап, қазақ балаларын білім алуға, кәсіп иесі болуларына үндейді,- деді мемориалдық мұражайдың қызметкері Шынар Досмағамбетова.

