Ұлы баба бейіті басында

Бар саналы ғұмырын туған халқына арнаған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бүгін туған күні. Биыл  облыс көлемінде бабамыздың туғанына 175 жыл толу мерейтойы кеңінен атап өтуде. Осы күн қарсаңында облыстық Ы.Алтынсарин музейінің қызметкерлері мен “Қостанай таңы” газетінің ұжымы бірігіп, орталық мешіттің наиб имамы Дарқан Сыздықовпен бейіт басына барып, Ыбырай атамыздың аруағына құран бағыштады.  _MG_9748Бұл жерде ұлы ұстаз мәңгіге тыныстап жатыр. Музей қызметкерлері Ыбырай атамыздың өмір жолымен танысқысы келетін кісілер және шетел қонақтары міндетті түрде осы кесенеге барып тағзым ететінін айтады. 
–1888 жылдың қарашасынан Ыбырай Алтынсарин жиі ауырып, 1889 жылы 17 шілдеде   таңертеңгі сағат 11– де  қайтпас сапарға аттанды. Қостанай қаласынан 5 шақырым жердегі Инспектор көлінің жағасында ата-бабаларының қорымына жерленді. Онда атасы Балғожа, қызы Шәрипа, баласы Абдрахман және туысқандары жатыр. Оның бейітіне кірпіштен мазар салынды. 1947 жылы 10 қыркүйекте еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Қостанай қалалық атқару комитеті Ы.Алтынсариннің қайтқанына 60 жыл толу қарсаңына байланысты «Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин зиратын сақтау» туралы шешім қабылдады. 1960 жылы педагог – ағартушының  туғанына 120 жыл толуына байланысты бейітінің басына граниттен құлпытас орнатылды. Ал 1991 жылы Ы.Алтынсариннің 150 жылдығын  тойлау қарсаңында ескерткіш орнына кесене салынып, қайтыс болған күніне орай шілде айының 22 жұлдызында салтанатты түрде ашылды,
 – дейді музей директорының орынбасары Роза Қуанова_MG_9724
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓