Ұлы ұстаз мұрасы – ұрпақ қазынасы

27 қазанда Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінде «Өнегелі өмір» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.Оған Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева қатысты. Одан бөлек сол өңірдің белгілі ғалымдары, білім бөлімінің басшылары, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары болды.
Аталмыш шара «Мансапты дамыту» сыныбына экскурсия жүргізуден басталды. Мектеп басшысы Раиса Кенешова келген қонақтарды оқу ордасының құрылу тарихымен және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Содан кейін қонақтар Ы.Алтынсарин атындағы мектеп кітапханасы базасында ашылған медиа орталықтың қызметін көрді.
Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы баяндамалар оқылды.Іс-шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, соңында Қарағанды қаласы білім бөлімінің №101 мектеп-лицейі мен Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы арасында ынтымақтастық келісім шартына қол қойылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓