Жәдігерлер тіл қатқанда…

Қостанай қаласындағы №13 бөбекжай-балабақшасының  тәрбиеленушілері Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты педагогтың есімімен аталатын мемориалдық мұражайда болды.20161014_111136-«Тәрбие –  басы балабақшадан басталады»  демекші, кішкене балаларымызды өз елінің ұланы болып өсіру, халқымыздың  атақты адамдарының есімдерімен  таныстыру, кішкентайынан  ішкі  рухани   байлықтарын арттыру және қазақ халқының тарихын, мәдениетін бойларына сіңіру мақсатында  осы мұражайға келіп отырмыз.  Мұражай дегеніңіз кішкене балаларымыз үшін таптырмас оқу құралы.  Олар көргендерін, білгендерін зердесіне тоқып,   елтану, жертану қасиеттері дамып, өзінің туған Отанына деген сүйіспеншілігі арттады.DSC09938
DSC09904 Ыбырай атамыздың мұражайындағы әр жәдігермен таныса отырып, өздерінің  қабылдау түйсіктерімен, болмыстарымен  түсіне, ұға біледі деп ойлаймыз.  Балабақшамыздың  соның ішінде «Жұлдыз», «Құлыншақ» топтарының тәрбиешілері Қымбат Омарова, Алма Исмайлова балаларды мұражайға әкеліп, келешек ұрпағымыздың тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсулеріне жол ашып отыр.  DSC09900Осындай іс-шаралар балалардың ой-өрісін, кеңейтіп, жан-жақты дамытары анық. Балаларға әңгіме айту бір басқа да,  сол айтқан жәдігерлерді көру бір басқа. Балалар мұражай ішін аралап, апайларының айтқандарын тыңдап, жәдігерлерді  қолымен ұстап көрді.    Білім саласында өзіндік өшпес із қалдырған  Ыбырайдай атамыз туралы айтқан әңгімелеріміз, мұражайдан көрген жәдігерлері олардың естерінде  қалары сөзсіз. 20161014_111425Сондықтан  мектепке дейінгі білім мекеме балалары  облыстық  тарихи өлкетану я   ұстаз атамыздың атындағы  мұражайларына келіп,  саяхатқа келіп  тұрса,    балаларымыз үшін тәрбиелік мәні зор іс деп білеміз,-деді балабақша тәрбиешісі Жазира Оқасова.

Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓