Туған тілім – тұғырым
Туған тіл ананың сүтімен бойға дарып, әлди әуенімен санамызға сіңеді. Содан болар, ана тілін ерекше құрметтейміз. Шыбын-жанымыз шырқырап, тілдің тазалығын қызғыштай қоритынымыз да сондықтан. Көрнекі ақпарат және үгіт-насихат құралдарындағы тілдік норманың сақталуы «Нұр Отан» партиясының да бақылауында. Аталмыш партия өкілдері қалалық мәслихат депутаттары, «Мирас» қоғамдық кеңесі мүшелері бір топ журналистермен бірге ауқымды рейд ұйымдастырды.





-Бүгінгі рейдке қатысушылардың негізгі мақсаты – жарнамалардағы қателіктерді мүмкіндігінше азайту және жеке кәсіпкерлерге жарнама қалай ілінуі керектігін, қандай талаптардың бар екенін түсіндіріп, ұсыныс хаттар жолдау. Сондықтан, жеке кәсепкерлерге жарнама бойынша екі апта көлемінде өздерінің жарнама баннерлерін заң талабына сәйкестендіру бойынша жұмыс істеу талап етілді және қолдарын қойдырып, олардың мекенжайларын жазып, байланыс телефондарын алдық, – деді Ж.Наурызбаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА