Құран Кәрім тегін таратылды

Баршаға мәлім, Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болғалы бері адамның жан-дүниесін байытар құнды кітаптардың ел игілігіне айналуына айрықша назар аударуда.IMG-20151013-WA0055
         Оның тікелей бастамасымен республикамызға  Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы әкелінген еді. Жуырда облыстық «Марал ишан» мешітінде өткізілген аудан және қала имамдарының басқосуында біздің өңірге осындай 1600 дана Құран тегін таратылды.
         Облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек осындай әрбір мұсылман қауымының төрінен берік орын алар дүниенің бізге жетуіне тікелей ықпалын тигізген барша азаматтарға шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді.

IMG-20151013-WA0023

         Бағалы кітап қолдарына тиген имамдардың қуанышында шек болған жоқ. Сөйтіп, олар басқаратын мешіттердің жанындағы кітапханалар тағы да аса бағалы дүниемен толықты.
         – Облысқа мұндай көлемдегі қасиетті Құранның жеткізілуі үлкен оқиға деп есептеймін. Араб тіліндегі кітап бәріміздің де білімге деген құштарлығымызды бұрынғыдан да арттыра түсті, – дейді облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Сыздықов.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓