Кенттің ішкі жолдары жөнделді

Сарыкөл ауданының ауылдық округтерінің ішкі жолдары қалыпқа келтірілуде. Сол секілді Сарыкөл кентінің де жолдары жөнделді.
Кент әкімі Сейітбек Қаппасовтың айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі көшенің жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 7 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген._DSC1329-Жөнделуге тиіс Жуков пен Айтбай батыр көшелерінің жолдары нәтижелі аяқталды. Бұл жұмыстармен «Гидросканд-2» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысты. Олар өздеріне жүктелген істі жауапкершілікпен атқарды. Бас-аяғы 1778 шаршы метр жол жөнделді, – дейді Сейітбек Сейітжанұлы.IMG_6022Айта кеткен жөн, жоғарыда аты аталған көшелердің бойында тұратын тұрғындар және осы жолдан өтетін көлік жүргізушілері жол машақатын көрмейтін болды. Олар жергілікті билік тарапына дән риза.
-Әуелде Жуков, Айтбай батыр көшесімен өткенде жолдың кедір-бұдыр жерлеріне кідіріп, біраз аялдап қалатын едік. Әсіресе, жауын-шашын күндері қай жерде шұңқыр бар екенін білмей де қаласың. Сөйтіп, абайсызда көлігіңнің тұмсығын бір жерге соғып аласың. Жөндеуге тура келеді. Енді міне, әлгі көшелердің жолдары жөнделіп, жақсы болып қалды. Өте қуаныштымыз. Осындай жұмыстар жыл сайын жалғаса берсін, – дейді көлік жүргізушісі Рүстем Байділдин.
Сондай-ақ, №2 маршрут жүргізушісі Субхан Ахмедов Жуков көшесінің жолы жөнделгеннің арқасында сол жақтағы аялдамаға екі минут бұрын жететінін жеткізді.
Әрине, жолдың жөнделгені барлық сарыкөлдіктер үшін игі іс болды. Себебі, олардың өзекті мәселелерінің бірі осы жол еді.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓