Жалғызбасты зейнеткерді өлтірді

Лисаков қалалық соты ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) бойынша күдікті 34 жастағы Г-ны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.сотталушы 1
Қылмыстық тергеу органы Г-ны биылғы жылдың 26 қыркүйегінде Лисаков қаласында сағат 17.00 шамасында жалғыз тұратын зейнеткерді өлтірді теп айыптап отыр. Ол 3-шағын ауданда тұратын 77 жастағы кейуанаға келіп, бұған дейін істелген сантехникалық жұмыстар сапасын тексеремін деген желеумен пәтерге енген. Сөйлесу барысында үй иесіне байқатпай ілулі тұрған сыртқы есіктің кілтін ұрлап кетеді.
28 қыркүйекте таңертең балғамен қаруланған Г. кілтпен есікті ашып пәтерге кіріп, асүйден ақша іздей бастайды. Бұл уақытта келесі бөлмеден зейнеткер шығып, оған кедергі келтірмек болады. Ал ұры бар күшімен үй иесінің басынан балғамен бірнеше рет соққы жасайды.   
Осыдан кейін төргі бөлмедегі шкафтан 522 000 теңгені иемденеді. Жапа шегушінің айқайын естіген Г. асүйден пышақ алып оның басы мен мойнынан жарақат салады. Зейнеткер оқиға орнында қаза тапқан. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓