Жұмасқалиев жеті ойынға жазаланды
16-қазан күні Қостанайда "Тобыл" мен "Ақжайық" командалары кездескен еді. Бұо ойында 8 сары қағазы көрсетілген. Одан бөлек, бұл матчтың 54-ші минутында алаң иелерінің капитаны Нұрбол Жұмасқалиев қызыл қағаз алды. Ескерте кетейік, "Тобыл" бұл ойында 0:1 есебімен оралдық ұжымға жол берді. «Ақжайықпен» өткен ойында Нұрбол алаңнан қуылып қана қоймай, бас төрешіге балағат сөздер айтқаны үшін ҚФФ оны жеті ойынға шеттетті. Осылайша, Жұмасқалиев биыл жасыл алаңға шықпайды. Ел біріншілігінің аяқталуына небәрі екі-ақ тур қалды.