Азғын абақтыға қамалды

Қостанай облысының 59 жастағы тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.V-Essentukah-miliciya-ischet-pedoҚостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың 27 қазаны мен 5 қарашасы аралығында Қарабалық ауданының тұрғыны Виктор Момот 10 және11 жасар екі қыз баланы азғындық әрекеттерге итермелеген.
Қылмыстық істер бойынша арнайы маманданған ауданаралық соты оны қылмыс жасауда айыпты деп танып, қатаң режимдегі түзеу колониясына 10 жылға жабуға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓