Жарайсың, Денис

17 жастағы қостанайлық атлет Мексикада сенсациялық жеңіске жетті. Денис Полубояринов Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсылас шыдатпады. Бұл туралы top-news.kz жазады.
Қазақстан құрамасы сапына Қостанай облысынан қосылған жалғыз спортшы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Отандасымыз қоссайыс нәтижесін қоса есептегенде 323 келіні (143+180 келі) төбесіне көтеріп, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ жас атлет жұлқа және серпіп көтеруден кіші жоғары марапатқа лайық деп танылды. Айта кетерлігі, Денис серпіп көтерудің үш мүмкіндігін жалғыз өзі орындап, қалың көрермен мен төрешілерді аузына қаратты. Өйткені ол шыққанша барлық қарсыласы жарыс жолын аяқтаған.
«Денистің чемпион атанатынына күмәніміз болған жоқ, өйткені қазіргі уақытта ол өз салмағында әлем бойынша үздік спортшы саналады. Жас атлет биылғы маусымда жоғары көрсеткіштерімен көзге түсіп келеді. Мамыр айында ол Грецияда жастар арасында өткен чемпионатта қола жүлде иеленген еді. Болашағына сенеміз», – дейді облыстық ауыр атлетика федерациясының жетекшісі Махмут Тұрсынов.
Отандасымыздан кейін екінші тұғырдан италиялық Якопо Фальсинотти көрінді. Оның жалпылама көрсеткіші – 293 келі (132+161). Ал үшінші орынға алаң егесі, мексикалық Ианн Баррерас ие болды. Ол қоссайыста 280 келі көтерген (119+161 келі).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓