Айыпкерге кешірім берілді
Заңсыз қайың ағашын кесу фактісі бойынша айыпталған Сарыкөл ауданының 22 жастағы тұрғыны жәбірленуші тарап "Урицкий орман шаруашылығы мекемесі" МКК-мен бітімгершілікке келді.
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 21 тамызында сағат 12.00-ден 17.00 аралығында Қоскөл орманы алқабында азамат С. жеке арасымен құны 6683 теңге болатын 24 қайың ағашын заңсыз кесіп алған.
Келтірілген шығынның өтелуіне байланысты жәбірленуші тарап азамат С-ға қатысты қылмыстық тергеуді тоқтатуға өтініш жасаған. Тараптар медиативтік келісімге келді.
Сот азамат С-ны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, іс тоқтатылды.