Ақындар ардақталды
Елордадағы Қостанай облысы күндері тағы да бір игілікті шарамен жалғасты. Сарыарқаның төсінде Тобыл-Торғай топырағынан түлеген белгілі айтыскер ақындарға құрмет көрсетілді. Ұлттық музей сахнасында қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбіл мен Әсия Беркенова және Әселхан Қалыбековмен кездесу кеші ұйымдастырылды. Оған Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов қатысты. Ол жиналған жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, ақындарды сый-сияпатпен марапаттады.
– Біз бүгін еліміздің мәдениетіне, қазақ халқының өнеріне зор үлес қосқан ақындарымызға құрмет көрсеткелі отырмыз. Биыл Қостанай облысына 80 жыл толды, осы орайда Қонысбай Әбіл мен Әсия Беркеноваға облыс атынан Құрмет медалін тағуға рұқсат етіңіздер, – деді облыс әкімі.



Кенже ҚОНЫСБАЙ