Жол биыл да жөнделмейтін болды

Қостанай облысы халқының тең жартысынан астамы тұратын Қостанай-Ақтөбе дәлізіндегі 114 шақырымдық жол биыл да күрделі жөндеуден өтпейтін болды.
Сонымен қатар, Қостанай-Бурабай, Қостанай-Мамлютка бағыттарындағы жолдар да келесі жылы жөнделеді екен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк мәлім етті.58900417-830«Облыс жолдарын жақсарту үшін қазір үлкен үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – Қостанай-Ақтөбе дәлізі. Ол өте ұзақ жол.  Ақтөбе жағынан  40 шақырым жерде биыл күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы дәліздің 114 шақырымында Қостанай облысы халқының тең жартысынан астамы мекен етеді. Сондықтан, халық үшін де, бизнес үшін де осы жолдарды жөндеу басты міндеттердің бірі болып тұр.  Биыл «ҚазАвтожол» компаниясымен келісіп жасаймыз, келесі жылы осы жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін республикадан қаржы бөлінуін сұраймыз», – дейді әкім орынбасары.
Журналистердің сұрағына жауап берген ол сондай-ақ Қостанай-Бурабай, Қостанай-Мамлютка бағыттарындағы жолдар да тек келесі жылдан бастап жөндеуге алынатынын хабарлады.
«Қостанай-Тобыл станциясындағы жол апатты жағдайда еді. Осы жылы жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы көпірді жөндеп, су жаңа көпірге айналдырамыз», – деді әкім орынбасары.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓