Мәжілісмендер – Меңдіқарада

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары – Әлия Сапарова мен Евгений Козлов Меңдіқара ауданына іссапармен барды. Аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап, өндіріс орындарында болды. Айта кетейік, облысқа алты халық қалаулысы келген еді. Оның үшеуі – жерлестеріміз.Посещение Боровского колледжа
– Әріптестерімнің облысқа келуінің мақсаты – мәжіліс тарапынан іске асып жатқан шаралардан, қабылданған заңдардан жерлестерді хабардар ету, сол заңнамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың аудандардағы іске асу барысымен, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу әрі көкейтесті мәселерге құлақ түру, – дейді Әлия Сапарова. – Қандай да бір проблемалар, ұсыныс-тілектер болса, соларды түртіп алып, талдап, алдағы сессиядағы жұмыстың негізіне алуды көздейміз.
Сонымен, қарағайлы өлкеге ат басын бұрған қос депутат ең әуелі Боровской ернеуінде жұмысы қарқынды жүріп жатқан ауыз су ұңғымалары басына келді. Жол жиегінде, күннің жаңбырлы болғанына қарамастан, депутаттар нысан құрылысы туралы мәліметке құлақ түрді.Посещение объекта реконструкция водоснабжения
Бұл ауданның суы бал татығанымен, тұрғындар осы күнге дейін орталықтандырылған жүйенің қызығын көре алмай келіп еді. Айналасы бірер ай ішінде ол да орындалғалы тұр. Қазір жұмыс мерзіміне сай жүріп жатыр. 4 жерден су ұңғымасы қазылып, су тартқыштар төселген. Бүгінге дейін 148 млн теңге игеріліпті, шілде айында тағы 100 млн теңге жұмсалмақ. Ал тамызға салым 300 адам алғашқылар болып ауыз суды үй ішінен ағызып іше бастайды. Жүре келе олардың саны арта бермекші. Халық қалаулыларына толғаулы түйткілдер де айтылып қалды. Ұңғымалар саны кезінде ондап саналған екен. Олардың екеуі ғана іске жарамды болып шыққан. Барлығы қалпына келсе, кесірі болмас еді. Оның сыртында, колонкалардың көбінің тозығы жеткен: бірі жөндеуді, енді бірі ауыстыруды қажет етеді. Ақшаның жетіңкіремейтіні қолбайлау.
Мұнан кейін меймандар Боровскойдағы кәсіптік білім беретін колледжбен танысты. Бұнда тек жергілікті жастар ғана емес, көршілес Ұзынкөл ауданының, ішінара Денисов, Қостанай ауданының да балалары оқиды. Олар машинист, дәнекерлеуші, аспаз сынды ауыл шаруашылығына қарайлас өзге де көптеген мамандықтарға машығуда. Колледж директоры В.Кожуховская бастаған ұжыммен халық қалаулылары емен-жарқын әңгіме құрды. Олар қазіргі уақытта мәжіліс ашық режимде жұмыс істейтінін, ғаламтор арқылы кез келген мәселеге қатысты байланыс орнатуға мүмкіндік барын да айтты.Встреча в Боровском колледже
Боровскойдағы тағы бір оқу ошағы – Ғ.Жұмабаев атындағы қазақ тілінде білім беретін орта мектеп. Ғимарат қазір күрделі жөндеуден өтуде. 2016 жылы "АРБЗ" ЖШС-мен 293 млн теңгенің келісім-шарты жасалған. 1 шілдеге дейін 132,5 млн теңгесі игеріліпті. Қазір ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
-Құрылыс аясында 98 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың 60-ы – жергілікті тұрғын, қалған 38-і қаладан келген. Келісім-шарт бойынша, күрделі жөндеу жұмысы 17 тамызда аяқталуы тиіс, – деді аудан әкімі Ерлан Теменов. – Жұмыс барысы үнемі қадағалауда. Сапаға көңіл толады.Посешение БСШ. Жумабаева
– Мектепте 374 оқушы бар. Оның 50-і мектеп жанындағы интернатта жатып оқиды. 47 мұғалім жұмыс істейді, 63 пайызы – жоғары және 1-санатты мамандар, – деп депутаттар назарын өзіне аудартып әкетті мектеп директоры Нұргүл Өтеулина. – Биылғы ҰБТ-ге түлектердің 100%-ы қатысып, аудан бойынша ең үздік нәтиже көрсеттік. Түлектеріміз жыл сайын "Алтын белгі" иегерлері атанатынын да мақтаныш етеміз… Басты кемшіндік ғимараттың жөндеу көрмегендігі ғана еді. Міне, жаңа оқу жылы жаңа келбетпен есігін ашқалы тұр.  
Аудандағы сүт өнімдерін әзірлейтін "Вита" ШҚ мәжілісмендер ат шалдырған соңғы нысан болды. Қуатты өндіріс орны қарбалас жұмыс істеу үстінде екен. Сүттің иісі аңқиды. Директоры Петр Лебедев қонақтарды күтіп алып, сан қатпарлы ғимарат ішін аралата жөнелді. Тұс-тұстан шуылдаған алып қондырғылардың жұмыс істеу барысын ынталы түрде түсіндіріп жүр. Әр автомат басында – бір-бір маман. Басшы сөзінше, нағыз табиғи сүт өнімдері осы жерде ұйытылады.Посещение ТОО ПК Вита
– Бізге өтінім "Милх" ЖШС-нен түсіп отырады, – дейді П.Лебедев жанай қойылған сұраққа кідіріп. – Біздің басты кәсіпорын, құрылтайшы сол ғой. Сондықтан, негізінде тауарлардың нарыққа шығуына қаладағы "Милх" серіктестігінің септігі бар. Күн сайын арнайы жүк көлігі келіп, бізде әзір болған өнімді тиеп әкетіп тұрады. Былайша айтқанда, сөрелердегі "Новый день" маркалы сүт, май, қаймақ, айран "ата-тегі", міне, осы өндіріс орнынан десе болады.
Шикізат, яғни сүт ауданға қарасты барлық ауылдардан жиналып, осында әкеп құйылады. Одан әрі зертханалық тексеру көріп, өңдеуіштен сүзіліп, дәмдеуіші қосылып, ірімшік, май, айран түрінде даяр болады. Сөйтіп, ең әуелі Боровскойда былғаудан өтетін бұл өнімдердің ҚР-ның ғана емес, Ресейдің бірнеше облыстарының нарығына есімі белгілі екен. Әдемі емес пе… Бірақ, директорды толғандыратын мәселелер баршылық.
– Отын проблемасы. Газ жоқ жердегі біздің қысы-жазы құтқарушымыз – көмір. Қазір сапалы көмір де жоқ, әсіресе, соңғы екі жылдағы сапасы көңіл көншітпеді. Жазда там-тұмдап тасуға ғана рұқсат бар – қауіпсіздік үшін ғой… Барға қанағат етеміз де енді. Әрине, алдағы уақытта көгілдір отын жайы қаперге ілініп қалып жатса деген тілек менің көкейімде ғана емес, – дейді П.Лебедев.ТОО ВИТА
Ол осы өңірде жемшөп мәселесінің бар екенін де мысал етті. Сондай-ақ, кәсіпкердің ойынша, субсидиялаудың соңғы талаптарында солақайлықтар бар. Бұл көзқарасын Е.Козловпен бөліске салды…
– Барлық пікір ескеріледі. Біздің облысқа келіп, өңірлерді аралауымыздың мақсаты да осы емес пе. Мен БҚО-нан болсам да әлгіндегі кәсіпкерді толғантқан мәселелердің алдағы жұмысымызға негіз болғанын қалар едім. Себебі мәселе ауылшаруашылыққа арқа сүйеген әр аймаққа ортақ, – деп отыр депутат Е.Козлов.
Облыстағы іссапар мұнымен аяқталған жоқ. Қос депутат одан әрі Ұзынкөл, Қарасу, Сарыкөл аудандарына баруды жоспарға алған. Өзге өңірлерге де басқа мәжілісмендер ат сабылтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓