Күн күрт суытады
Бұл Арктикалық екпінді циклонның облысымыздың аймағына ықпал етуімен байланысты. Белсенді ауа райының салқындауы өзімен бірге жауын-шашын мен көктайғақ ала келеді. Кей өңірлерде жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін теріскей жел соғады. Аяз болып, сынап бағанасы күндіз 0-5, 5-10 градусқа дейін төмен сырғиды деп күтілуде.