Қуаяқтар қалтаңызды қақпасын

Облыстық ІІД-не Қостанай қаласының тұрғыны шотынан 600 мың теңге ұрланғанын айтып шағым түсірді. Мұншама қаражат Киви-әмияннан шешіліп алынған. Оның үстіне, киви-әмиян азаматшаның банктік картасымен байланысты болыпты. Белгісіз алаяқтар әуелі киви-әмиянды бұзып, кейін сол арқылы банктік картаға қол сұққан.вор
Шағым тіркеуге алынып, алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы оқиғаға байланысты полицейлер тұрғындарды аса сақ болуға, оқыс жағдай бола қалса тәртіп сақшыларына кешіктірмей хабарлауға шақырады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓