«Жемқорлықсыз болашаққа. Бірге!»
Міне, осындай тақырыпта облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен форум болып өтті.
Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен дін, этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері және студенттер қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Б. Бекжанов, облысымыздағы «ГрИн»ҚҚ азаматтық Альянсының директоры Д. Өтебаева, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы Қостанай филиалының сол секілді облысымыздағы «Сыбайластыққа қарсы бірінші медиаорталығы»ҚБ филиалының директоры Д. Жұмабаев сөз сөйлеп өздерінің ойлары мен пікірлерін айтты.
Б. Бекжановтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекетіміздің, қоғамымыздың кеселі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы елімізде бірқатар заңнанамалар қабылданды. Олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептері мен жағдайларын жою мақсатында нақты шаралар қолға алынып жүзеге асырылу үстінде, Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылы жоғарыда айтылып өткен іс-шара еліміз бойынша ұйымдастырылып отыр. Осы жоба бойынша облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді жұмыс тобы құрылды. Топ мақсатты түрде әр түрлі мекемелер ұжымдарда болып, қабылдау өткізді. Арнайы ақпараттық автобус та іске қосылды. Автобус көлігі арқылы топ облыс қалалары мен аудандарын аралап, тұрғындармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, әңгіме өткізді, насихаттық жұмыстар жүргізді. Ал, «ГрИн»ҚҚ азаматтық Альянсының директоры Д. Өтебаеваның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы Бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы “100 нақты қадам” жоспарын орындауда.
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ