Тәртіп сақшысы тұтылды
Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрынырақ басталған сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша, облыстық Полиция департаменті бөлімшесінің бастығын ұстады. Күдікті Қостанай қаласындағы уақытша қамау изоляторына жабылды.
Ол "Азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ сенімді тұлғалары бар топпен бірге бірнеше мәрте елеулі сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті мемлекеттік қызмет алушыларға теориялық емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін және оның көшірмесін алуға, сондай-ақ рөлге мас күйінде отырып, жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға қайтадан көлік тізгініне отыруға мүмкіндік алып беру үшін "ауызбастырық" алып келген.
Тергеу жалғасып жатыр.
Күдіктіге қатысты оның айыбының деңгейіне сай соңғы шешімді сот шығарады.