Шығын – 409 келі

Қабырға, Сарыкөл өзендерінен және "Тарелка" су тоғанынан барлығы жарты тоннаға жуық өлі балық шығарылған. Қазір жағдай қатаң қадағалауға алынды. Бұл туралы Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының  балық шауашылығы бөлімі басшысы Таңат Смаилов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.DSC_5062
Балықтардың қырылу дерегі Жангелдин ауданындағы Қабырға өзенінде, Сарыкөл ауданындағы жасанды су шұңқырында және Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданы маңындағы "Тарелка" тоғанында тіркелген. Бұл жағдай 10-11 сәуірде, екі күн айналасында болған. Жағаға қалқып шыққан табан (мөңке) балықтары судан сүзіліп, өртелді.
"Бұл, дәу де болса, техногендік емес, табиғи сипатқа ие. Ал арнайы сараптама жасау мүмкін болмады. Себебі балықтар әбден іріп-шіріп кеткен. Қыста қырылған болуы керек. Ақпан айында Қабырға өзеніне тексеріс жүргізілгенде, мұз қалыңдығының 1 метр, оның үстіндегі қар жабындысы 45-50 см екені анықталған. Демек, бұл жағдай су астына күн сәулесінің түсуіне кедергі болып, өсімдіктер фотосинтез процесінен өтпейді. Оның салдары суда оттегінің азаюына алып келеді", – дейді Т.Смаилов.WhatsApp Image 2019-04-19 at 13.25.39
Жіктеп айтқанда, Қабырға өзенінен 350 келі, Сарыкөл өзенінен 31 келі, "Таркелка" тоғанынан 28 келі өлі балық шығарылды. Бөлім басшысының мәлімдеуіне сүйенсек, мұны жаппай қырылу деп бағалауға келмейді. Оның себебі бар. Осы жылы өңірдегі су айдындарына 1000 тонна балық құйылған. Мәселен, Сарыкөл өзеніне жылына 6-7 тонна балық жіберілсе, отыз келіге жуық шығын дабыл қағарлық жайт емес. Оңтүстік аудандардағы жағдайға соңғы жылдары су деңгейінің түсуінің де ықпалы болуы мүмкін. "Батыс Қазақстандағы оқиғалармен салыстырғанда, біздегі деректер аса үлкен алаң тудыратын мәселе емес", – дейді Таңат Топышұлы.WhatsApp Image 2019-04-19 at 13.25.19
Ал қадағалау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.  Айына 40-45 су тоғаны тексеріледі екен. 5 ай көлемінде 17 мыңнан астам шара іске асыпты. Басым бөлігі судағы оттегіні байытуға бағытталған. Таяз тоғандарға қамыстар орнатылып, 185 мың текше су қайта құю, алмастырып-ауыстыру процесінен өткен. Тұрғындардан шағым түскен жағдайда жоспардан тыс  тексеру жұмыстары да жүргізіліп отырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓