Бассейн мен бокс мектебі ашылады
Қостанай. 50 метрлік бассейні бар спорт кешені "Әуежай" шағын ауданында салынбақ. Бұл келешекте халықаралық деңгейде жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі бірдей олимпиада жеңімпазын түлеткен өлкеде тағы бір бокс мектебі ашылмақ. Әзірге қос нысанның жобалық-сметалық құжатнамасын даярлауға облыстық мәслихат 100 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Құрылыс жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілмекші.