Жол-көлік оқиғасы сотта қаралуда

Жітіқара аудандық сотында  1981 жылы туған аудан тұрғыны Виктор Четырбокқа қатысты сот отырысы жалғасуда. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігімен қарастырылған қылмыстық істе айыпталуда. 
Ол ағымдағы жылдың 8-қаңтарында сағат 15.30 шамасында орташа алкоголдік масаң күйде «Хюндай Акцент» автокөлігін басқарған. Жітіқара қаласы шетінде көлікке ие бола алмай жолдың оң жағына шығып кетіп, кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз баланы көлікпен соққан. Балалардың бірі алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, екіншісі түрлі дене жарақатымен Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілген.
Сот процесінің барысы жайлы қосымша хабарланады.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓