Сот үкімі шығарылды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Лисаков қалалық соты қаладағы орта мектептердің бірінің бас бухгалтері болған 33 жастағы Қ.Аманқұловаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. 
Октябрь орта мектебінде бас бухгалтер болып жұмыс істеген 2013 жылдың маусымы мен 2015 жылдың қазан айы аралығында Аманқұлова өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, орта мектеп мұғалімдерінің еңбек ақысынан ақша қымқырып отырған. Осылайша, аса ірі көлемде ақшаны заңсыз иемденген бухгалтер мемлекеттік мекемеге және жәбірленушілерге 9 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. 
Істің сотта қаралуы барысында айыпталушы келтірілген шығынның 1 200 000 теңге көлеміндегі  бір бөлігін өтеген. 
Қ.Аманқұлова ҚР ҚК-нің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)  айыпты деп танылды. Сот үкімімен оған жалпы тәртіптегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік мекемелерде материалдық-техникалық жауапты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓