Грузиялық азамат елден қуылады

Рудный қалалық соты Грузия азаматына айыппұл салып, ел аумағынан қуып шықты.kazahstan_gruziya
Железнорудный бекетінің транспорттық полициясы қызметкерлері тексеріс барысында 45 жастағы грузиялық азаматты ұстады.
Анықталғандай, Қостанай мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылы 10 тамыздан бастап бұл азаматты 517 бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сол кезде ол бір тәулікке тұтқынға алынған.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 қыркүйекте Грузия азаматы ҚР аумағынан7 қыркүйекке дейін шығуға өз қолымен арыз жазған. Дегенмен ол өз уәдесінде тұрмай, 30 қыркүйекте сағат 09.30-да Железорудный бекетіне келген. Дәл сол бекетте құжаттарын тексеру барысында оны тәртіп сақшылар қолға түсірді.
Сот оны қылмыстық құқықбұзушылықа барғаны үшін кінәлі деп танып, 25 АЕК, яғни 53 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады. Ол осығкан қоса ҚР шекарасын тастап шығуы тиіс.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓