Беймезгіл жүрген баласы үшін…
Қостанай ауданының 32 жастағы тұрғынына 22 000 теңге айыппұл салынды.
Соңғы бір жыл ішінде екінші мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылып тұрған азаматшаның 14 жастағы қызы осы жылдың 20 шілдесінде сағат 23.25 шамасында Қостанай ауданының Садовый ауылында заңды өкілісіз үйден тыс жерде жүрген.
Сот азаматшаны ҚР ӘҚБтК 442 бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартып, оған 15 АЕК көлемінде, яғни 32 000 теңге айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындады. Отбасының материалдық жағдайы ескеріліп, сот айыппұл көлемін 30 пайызға азайтуға қаулы етті.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.