Кәуап шанышқысын сұғып алған
Қостанайдың 52 жастағы тұрғынына аса ауыр қылмыс жасағаны үшін үкім кесілді. Каримова өзімен бірге тұратын еркекті іспарамен (шампура) шаншып, опат қылған.
Іс материалы бойынша, олар 29 маусымда "Краснопартизан" саяжайында ішімдік ішкен. Тағы да әйел мен еркекті қонақ еткен. Әбден масайған қожайын мейман досымен дау шығарып, ақыры оның бетіне баспен соққы жасайды. Әйелдер араша түскен. "Таяқ жеген" қонағы ортаны тастап, өз саяжай учаскесіне кетеді. Ал үшеуі отырысты одан әрі жалғастырады. Әлгіндегі жалжал қайта қоздап, әйелінің екі арадағы айқасқа киліккеніне наразылығын білдіріп, оның бетіне жұдырықпен соққы жасайды.
Сотталушы сол кезде үстел үстінде жатқан темір іспараға ұмтылып, жәбірленушінің кеуде тұсынан ұрған. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетеді.
Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.