Қашар кентіне көгілдір отын беріледі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласы мен Федоров ауданына барды. Іссапардың мақсаты – елді мекендердің жылу маусымына әзірлігін бақылау.IMG_2813Алдымен, өңір басшысы Қашар кентіне аялдады. Мұнда көгілдір отын құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда кенттегі әр үйге толықтай газ жеткізілген. Айта кетерлігі, бұған дейін Қашарда табиғи газ бұрын-соңды болмаған. Биылғы айтулы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында тұрғындарға тамаша сый болғалы тұр. IMG_2815– Уәде етілгендей қазан айында құрылыс жұмыстарын тәмамдадық. Жұмыстың сапасына жүз пайыз кепілдік бере аламыз. Сіздің бұйрығыңызбен қазірден бастап-ақ тұрғындарға табиғи отынды беруге дайынбыз,-дейді «VRGRUP» ЖШС директоры Дархан Үмбетов.IMG_2849Аймақ басшысы Қашарға алғаш рет келіп отыр. Сондықтан кент ішін аралап, кейбір ғимараттарға бас сұқты. Мысалы, мұндағы «Качарец» спорт және фитнес кешені А.Мұхамбетовке айрықша ұнады. Айтулы спорт кешені бірер жыл бұрын ғана ашылған. Футбол, волейбол, баскетбол, сондай-ақ, дзюдо, бокс сияқты спорт үйірмелері бар. Ғимарат судай жаңа, спорттық жаттығу жабдықтарына да кенде емес. Спорт кешені кенттің де сәнін кіргізіп тұр.IMG_2822
IMG_2826
IMG_2827
IMG_2829Әріректе мешіт орналасқан. Оның да ашылғанына көп болмады. Іші кең, ауасы таза. Ерлер мен әйелдер ғибадатханасы бөлек. IMG_2836Мешіт жылы, ыстық суы келіп тұр. Бас имамның айтуынша, жұма күндері 50-ден астам жамағат жиналады екен. Мұндағы халықтың ислам дініне деген көзқарасы түзу. Ауыл ішінде ешқандай алауыздық жоқ. Айтулы мешіттің шәкірттері де белсенді. Республикалық Құран жарыстарында әрдайым жүлдегер болып жүр. Жат ағымның аты да жоқ мұнда.IMG_2837Облыс әкімі Рудный қаласы мен Қашар кенті және Федоров селосындағы магистарлді газ құбырының құрылысын назарға алды. Облыстық энергетика және ТҚШ басқармасының басшысының міндетін атқарушы Игорь Алексеевтің сөзіне сүйенер болсақ, аты аталған үш аймақта жағдай қалыпты. Қазір құрылыс аяқталуға жақын. Тек құрылыс алаңындағы материалдарды қарақшылар тонап кетіп, аз-кем шығынға ұшырап отыр. Бұл мәселемен жергілікті тәртіп сақшылары шұғылдануда. Сол себепті тағы да құрылыс заттарына тапсырыс берілген, соны ғана күтіп отыр. Басқа кедергі байқалмайды.IMG_2854
IMG_2855
IMG_2833Федоров ауданының орталығындағы Кеңестік көшесіне алғаш рет жөндеу жұмыстары жасалып отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында селоның әбден тозығы жеткен басты көшесіне биыл жаңа өң кіреді. Әр көктем-күз айларында мидай езіліп жататын бұл көшеге қиыршық тастар төселді. Рас, жөндеу жұмыстары әлі толық аяқталмады. Сондықтан облыс әкімі А.Мұхамбетов осы аптаның ішінде жұмысты тәмәмдауды тапсырды. Себебі айтпаса да белігілі. Солтүстік өңір, әне-міне дегенше алғашқы қар да жауады.     IMG_2858
IMG_2859
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓