Кейкінің басы елге оралды!

Бүгін Астанаға Рессейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді. Арнайы борт Мәскеуден таңғы сағат 04:50-де шыққан еді.  Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Сол келісімге сәйкес, бүгін таң ата қаншама жылдар бойы Петербург қаласында Кунсткамерада тұрған батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілді. кейка
кеки
Айта кетелік, Кәрім Мәсімов үкіметбасы кезінде Ресей премьері Дмитрий Медведевпен жолығып Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтерген болатын.
Ал, Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы — 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген.
Ол Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓