Қала әкімі ардагерлерді құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Оларға гүл шоқтарын, құттықтау қағаздарын және азық-түлік жиынтығын сыйлады. ветеран-поздравление2-640x360
"Қазір қалада 82 ҰОС ардагерлері өмір сүруде және, өкінішке қарай, жылдар өткен сайын олардың қатары сиреп барады. Мен осынау "тірі тарихтарды" мерекемен құттықтап, оларға игі тілегімді жеткізгім келеді. Биыл Елбасымыздың атынан ардагерлердің есепшотына 150 мың теңгеден сыйақы бөлдік",-деді қала әкімі.
Б.Жақыпов бас сұққан үйлердің бірі – 92 жастағы Хасан Түгелбаевтің шаңырағы. Мейманды қарсы алу үшін бала-немерелері алдын ала дайындалыпты. Көл-көсір етіп дастархан жайған. Ал кәрілік өзінікін алғаны өкінішті – Хасан қарттың құлағы естуден қалған. Оған барлық сұрақты қағазға жазу арқылы қоюға тура келеді.
Жалпы, ардагер сұрапыл соғысқа 1942 жылы аттанған. Ол Грузия, Сталинград шайқасына қатысқан, Польшаны азат ету кезінде ауыр жараланыпты. Аяғынан айырылып, жыл бойы госпитальде жатқан. Елге 1944 жылы оралып, жеңісті туыс-жақындарымен қарсы алған. Оның әкесі де соғысқа қатысып, елге аман-есен оралған. Қазір 8 бала, 18 немере, 22 шөберенің қызығын көріп отыр.
 
"Алау" сайтының материалы бойынша
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓