Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Қостанай облысының оқушылары аймақта жүргізіліп жатқан кәсіби бағдар жұмысын жақсартуға көмектеспек.
«Атамекен» ҰКП облыстық білім басқармасымен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы сауалнама жүргізуді қолға алды. Оған барлық аудан-қалалардан 2000-нан астам бала қатыстырылатын болады.111
Сауалнама оқушының болашақта қандай мамандықты таңдағысы келетіні және оған деген жан-жақты көзқарасын анықтауға мүмкіндік беретін 30 сұрақтан тұрады. Оның қорытындылары бойынша талдау жүргізіліп, кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулықтар әзірленбек.
– Мамандық таңдау – ертеңді ойлау. Бірақ, өкінішке орай, бүгінде талапкердің дұрыс мамандық таңдауына мүмкіндік беретін кәсіби бағдар беру жұмысының бірыңғай жүйесі жоқ. Кәсіпорындарға экскурсия жасау, сыныптан тыс сағаттары өткізіп, мазмұны әр түрлі сауалнамалар алудан әріге бара алмай отырмыз. Сондықтан бұл жұмыс айтарлықтай нәтиже беру үшін біз барлық іс-әрекеттерімізді дұрыс жоспарлауымыз керек, – дейді Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Зарина Көкжанова.
Айта кетейік, Тобыл өңірінде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 7000 оқушы қамтылған 200-ге тарта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілген. 46 мектепте ол үшін арнайы кабинеттер де ашылған. Мамандар жаңа жоба мемлекеттік білім беру тапсырысын тиімді жасақтауға мүмкіндік беретініне сенімді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓