«Тобыл-Торғай әуендері» жарыққа шықты

Таяуда Алматыдан  Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдиннің «Тобыл-Торғай әуендері» атты екінші ән таспасы жарыққа шықты. Онда танымал әнші-композитордың әр жылдары жазылған бір топ әндерімен қатар, Торғай, Қостанай өңірлерінен шыққан өнер қайраткерлерінің туындылары топтастырылған.  IMG_22711Қ.Деріпсалдиннің «Қостанай туралы ән», «Айлы түнде», «Ерке құсым», «Киелі Науырзымым!»,  «Көктем қыздар», Қостанай-достар-ай», «Адамдар аққуларды атпаңдаршы»,  «Тобыл таңы» т.б әндерімен қоса Болат Хамзиннің «Торғай қызы», Бақытжан Сәуекеновтың «Туған жер-Торғайым», «Даланың ару қызы», Алтынбай Сейітқасымовтың «Айналайын Торғайым!», Шәмші Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы», Қайыржан Мақановтың «Туған жерге сағыныш», «Мәриямның соңғы әні», Азамат Мұқатовтың «Анашым», Жарқынбек Деріпсалдиннің «Меңдіқара-мекенім», Дәмір Қалқаевтың «Қостанай», Қайрат Нұрғазиннің «Арман жырым-аруларым», Жұмағали Өмірбековтің «Неткен сүйікті ең», Нұрболат Арзамастың « Жан анам» тәрізді 22 ән енгізіліпті. 
            Көпшілік әндер Қазақстан эстрада жұлдыздарының репертуарларынан берік орын алған. «Тобыл-Торғай әуендері» үн тастасындағы туындыларды Сәкен Майғазиев, Досымжан Таңатаров, Сүйлеймен Ибрагимов, Есет Сүлейменов, Гүлмира Сарина, Ғазиза Жұмекенова, Аян Айдынәлиев, Жанатбек Кәдіров, Ботакөз Дүбірбаева, Жарқынбек Деріпсалдин, Нұрболат Арзамасұлы орындайды.
           -Бұл әндердің барлығы да таяуда Алматы қаласындағы Студенттер сарайында өткен менің ән кешімде орындалды. Ондағы басты мақсат, тек өзімді ғана емес, Тобыл,Торғай топырағында туып-өскен ақын, композиторлардың әндерін халыққа кеңінен насихаттау,-дейді әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин.
          Бұған дейін Қалекең өзінің бірқатар ән жинақтарымен қоса, жерлес композиторлардың туындыларын топтастырып кітап етіп бастырса, осыдан бірер жыл бұрын оңтүстік астанадан тұңғыш үн таспасын жарыққа шығарған еді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓