«ҚМУ CUP -10» халықаралық пікірсайысшылар турнирі басталды

Сайыстың ашылу салтанаты А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бас ғимаратында өтті. IMG_1381Университеттің проректоры Орынбай Тағаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Концерттік кеште Нұрислам Жұмакенов, Нұрсұлтан Қасым, Гүлдана Әбдібаева, Эльмира Егізбай сынды жас өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Жылдағы дәстүр бойынша өтетін халықаралық пікірсайысшылар турнирі 23-24 қаңтар күні жалғасады.IMG_1310
IMG_1307
IMG_1319Дебатқа еліміздің барлық облыстарындағы жоғары оқу орындары мен Ресей елінің командалары қатысады. Жастар бастамалары орталығының жетекшісі Болат Қалиевтің 160 қатысушы және 80 команданың тіркелгенін айтты. IMG_1327
Онынышы рет өткізілгелі отырған «ҚМУ CUP» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбын арқау еткен. Сайыс барысында ел тәуелсіздігі жайлы сөз қозғалады. Сайыс қазақ және орыс тілінде өтеді. Сайыстың бас төрешісі – «Ахмет ұрпақтары» пікір сайыс клубының негізін қалаушы Жанболат Әбілов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓