Еңбек Ері жастармен кездесті

Рудный индустриялық институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алмат Тұрсыновпен кездесу өткізілді. Шараға жоғары оқу орнының ұстаздары мен студент жастары қатысты.IMG_1176-1600x1240
 
IMG_1143-1600x1240Кездесуде кіріспе сөз алған Рудный қаласы әкімінің орынбасары Елена Скаредина мен Қостанай облысының құрметті азаматы Сәкен Түкенов елде болып жатқан елеулі оқиғаларды тізбектей келе, Тобыл өңіріне танымал кәсіпкер, өнертапқыш, Қазақстанның Еңбек Ері Алмат Жанәбілұлының өмір жолына тоқталды.IMG_1171-1600x1240
Алмат Тұрсынов Қарасу ауданының тумасы. Ол іргесін қалаған «Қарасу» ЖШС бүгінде еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушісі болып табылады. Серіктестік әлеуметтік жобаларды да табысты жүзеге асырып, жерлестеріне жүздеген тұрғын үй, балабақшалар, мәдениет пен спорт ошақтарын тұрғызып берді.
Кейін қадірлі қонақ жетістікке жету жолындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Жастарды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа шақыру мақсатындағы тағылымды әңгімелер, ақыл-кеңестерін айтты. Студенттер де, өз кезегінде, қарап қалған жоқ. Еңбегі елге үлгі болған азаматқа көңілдегі сұрақтарын қойыпты, қонымды жауап ала алды.IMG_1156-1600x1240
Басқосу соңында меценат оқу орнының белсенділеріне, спортшылар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарына өзінің атаулы сыйақысын табыстады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓