Жезқазғанның жезтаңдай әншілері

Жезқазған қаласы Тайжан Қалмағамбетов атындағы филормониясының әртістері гастрольдік сапармен Жанкелдин ауданына келді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің жетекшілігімен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған “Ән көңілдің ажары” атты концерттік бағдарламаларын ұсынды.Ғалым МұхамединӘеузді әнге толы кеште Ғалым Мұхамедин және халықаралық ақындар айтысының жүлдегері , әнші Жанбол Көпбосынов сал-серілер мен халық әндерін нақышына келтіріп орындап, көрермендердің қошаметіне ие болды. Сондай-ақ, құлақтың құрышын қандырар халық әндеріне еріксіз елітіп, бұйып тыңдаған ақ жаулықты аналар үздіксіз шапалақ соғумен болды. Ал республикалық байқаулардың лауреаты Лаура Отызбаева қоңыр дауысты қобызды асқан шеберлікпен тарта отырып, өнер сүйер қауымның жүректерінен жол тапты. “Әннің де естісі бар, есері бар” дегендей, адам жанын баурап алатын эстрадалық әндерді шырқаған республикалық әншілер байқауының лауреаты Қайырбай Жұмабаев пен жас әнші Медет Сламғазыға деген қолдаумен ыстық ықыластың жөні бөлек болды. жезқазғандықтарОсы орайда ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің өнер саласындағы жетістіктеріне тоқталғанды жөн санап отырмын. Ғалекең өнер жолындағы алғашқы жетістігіне 1973 жылы ие болды. Осы жылы Жезқазған облыстық көркем өнерпаздар байқауының жүлдегері атанған. Кейін бойындағы өнерін шыңдау мақсатында республикалық эстрадалық өнер студиясына оқуға түседі. Есімі елге танымал халық әртісі Ж.Елебековтен дәріс алып, оқуын ойдағыдай аяқтап, Мәдениет министрлігінің арнайы жолдамасымен Жезқазғанға келіп, өнерімен тәнті етіп, “Жез киік” ансамблінің жезтаңдай әншісі атанады. Т.Қалмағамбетовтің әндерін ел ішіне кеңінен насихаттап, Жезқазған филормониясының негізін қалауға мұрындық болған өнер жанашыры. Өзінен кейінгі жастарға өнерін үлгі етіп, шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз деген лайықты бағасы да жоқ емес.Жанбол Көпбосынов-Біз үшін батырлар мен ақындар, ғалымдар мен даналар туған жердің топырағын басу қол жетпес бақыт деп білеміз. Біртуар саңылақтарды өнер биігіне шығарып, қанаттандырған осынау киелі сахнада ән айту өміріміздегі ең алғашқы жетістігіміз деуге негіз бар. Өнер мен дарын иелерінің таразысын тең ұстай білетін торғайлықтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді жезқазғандық жезтаңдай әншілер.жезқаланың әншілеріАудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров Торғай өңіріне келіп, мұндағы халықты әсем әнмен сусындатып, рухани демалыс сыйлаған жезқазғандық әншілерге аудан әкімдігі мен аудан жұртшылығының атынан ризашылық сезімін жеткізді. Сонымен қатар Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Ә.Қашаубаевтың, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әуесқой композитор Ж.Сейіловтің әндері Торғай жерінде шырқалып, ел мерейін үстем еткендігін тілге тиек етіп, өнер жолындағы тынымсыз еңбектеріне табыс тіледі.
Халық әндеріне әбден сусындаған көреремендер қимастықпен тарқасып, жүрек-жарды тілектерін білдіріп жатты.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓