Рафқат Аслан: «Менің қазіргі мақсатым – ұлттық құрамаға ілігу»
Өткен аптада «Тобол U21» «Ақтөбе U21» командасын 4:0 есебімен ұтты. Осы ойында Қазақстан жастар құрамасының капитаны Рафқат Асланның соққан 4 добы қостанайлықтарға жеңіс әкелді. Бұл – оның кәсіби мансабындағы алғашқы «покері». Осы қуанышымен біз де бөліскен едік.
– Бір ойында 4 гол соғу кез келген қорғаушының қолынан келе бермейтін іс қой негізі…
– Әрине, кей тұстарда сәттілік жолдас болады. Негізі 4 гол да стандарттық жағдайдан соғылды. «Ақтөбемен» өткен ойында өзіме қойған жоспарым жүзеге асты. Айып соққысы, бұрыштама добы кезінде әр қорғаушы қарсыластар қақпасының маңынан табуылы тиіс. Қанжығаның майланып, командаңа жеңіс әкелетін де осы кез. Дегенмен, негізгі міндет қорғаныс ешқашан да ұмыт қалмауы тиіс. Әрқашан қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге дайын тұруың керек. Сондықтан тек стандарттық жағдайларда ғана шабуылға шыққанымыз дұрыс деп ойлаймын.
– Алға қойған мақсатыңыз қандай?
– Қазір қазақ футболы қарыштап даму үстінде. «Астананың» былтырғы чемпиондар лигасындағы жетістіктерін айтсақ та болады, енді биыл олар Еуропа лигасында жақсы бастады. Ұлттық құрамамыз «Еуро-2016» турнирінде жақсы өнер көрсеткен азулы Польшамен тең ойнады. Бұл – ел футболының дамуының бір ғана көрсеткіші. Менің қазіргі мақсатым – ұлттық құрамаға ілігу. Негізгі құрамға кіру үшін талмай еңбек етуің керек. Сонда ғана өз жемісін береді. Сондай-ақ, қазақ футболшылары Еуропаның клубтарында ойнауға тырысуы тиіс. Қолымыздан келеді. Намысты бірінші орынға қойсақ, біз алмайтын қамал жоқ.

– Өзіңіз үлкен футболға қалай келдіңіз?
– Барлық балалар сияқты аула футболынан бастадық. Кейін футбол мектебіне ілігіп кеттік. Қазір өз өмірімді футболсыз елестете алмаймын.
– Атақты «Оле Бразил» футбол академиясында болған қатарластарыңмен араласып тұрасыз ба? Жалпы, бұл мектеп не үйретті?
– Олардың көпшілігімен араласып тұрамын, кейбірімен бауыр іспеттес болып кеттік. Шет елдің жаттықтырушылары әуелі тактикаға ден қояды. Содан кейін техникалық, физикалық жаттығуларды меңгертеді. Мықты бапкерлерден тәлім алдым. Олар футболдың сан қырын саралап, жіті түсіндіре алды дей аламын. Одан бөлек, Бразилияда жүріп, солардың тілін үйренуге тырыстық. Болашақта керек болып қалар…