Ақын атаға
(Абайға)
Қаншама жыл дүниеден өткеніңе
Сонда да ел есінен кетпедің де.
Мақтаныш сезім билер тұла бойды,
Бар әлемге есімің кеткеніне.
Ақын ата жеттің сен арманыңа,
Разымыз өзің жазған жырларыңа.
Бала жүрек нәр алады қанаттанып,
Балғын көңілім құлазып тұрғанымда.
Сізге арнап жаздым ата өрнекті өлең,
Ұрпақпыз ұлыларын құрметтеген..
Сізден алып тектілік өр бастауын,
Өмірге азық болар жыр бөктерем.
Ақындықтың ауыр жолы білемін.
Содан ғана тынши алар жүрегім
Бұлағынан өлең-жырдың сусындап,
Сіздей ақын болу ғана тілегім.
Мәдина Баязитова,
8 сынып оқушысы.