Жас журналистерге игі бастама

"Туған жер – тұғырым!" экспедициясының мүшелері Меңдіқара ауданында болып,  бірнеше жерлерді  аралады.
жжжж Ауданның көрнекті жерлері көз тартады. Болашақта журналист боламын дегендері мәлімет жинап, қажетті ақпартты қойын дәптерге түртіп алып та жатыр. Алдағы уақытта осы сияқты экспедиция облыс көлеміндегі өзге де аудандарда да өтпек.
Облыстық жастар мәселелері жөніндегі басқарма мен балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отырған бұл бастаманың жастарға берері көп. Сол күні ауа райының қолайсыздығына қарамастан экспедиция сәтті өтті.
– Құрамымызда – жастар. Сондықтан болар, білсек екен, көрсек екен деген қызығушылығымыз көп болды. Аудандардың ішінде Меңдіқара жері назарымызды аударды. Келіп, жер көріп, адамдармен пікірлестік. Қуаныштымыз, – дейді экспедиция ұйымдастырушы Қ. Шипин.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓