Ойланайық, достарым!…
Біз – жастар, ел ертеңіміз. Бүгінгі қоғам көші ертең біздің қолымызға өтеді. ХХІ ғасырда құлашын кеңге жайған Қазақстанда бақуатты өмір сүріп келеміз. Елбасымыздың саясатының арқасында оқушыларға, жастарға көп көңіл бөлініп, олар үшін бар мүмкіндік жасалынуда. Қазір әрбір үйде соңғы үлгідегі компьютер, ұялы телефон, ғаламтор желісі, мектепте техникамен жабдықталған сыныптар, айта берсе, санап тауысқысыз өзгерістер. Не керек, не қажеттің бәрін алыстан іздемей-ақ оп-оңай тауып ала қоясың. Ата-анамыз бен ұстаздарымыздың айтуынша, біздер бақытты ұрпақпыз. Расында, осы мүмкіншіліктерге ие болған біз сөз жоқ, бақыттымыз.
Алайда, үлкендер айтатын "артық қылам деп, тыртық қылыптының" кері сияқты көрінеді де тұрады маған. Олай дейтінім, үкімет бар жағдайды жасады. Ал, бүгінде компьютер мен ұялы телефонға жіпсіз байланған өз құрбыларыма қарап еріксіз ойланам. Мектепте апай берген тапсырманы да көп ойланбай-ақ ғаламтордан ала саламыз, күні бойы достарымызбен хат жазысып, ата-анамыздың айтқан ескертуін құлаққа ілмей, алтын уақытымызды кетіреміз. Содан болар көп құрбыларымның сабаққа немқұрайлы қарайтындығы жасырын емес. Көркем шығарманы әңгімелеу былай тұрсын, сөйлеуден де қалып барамыз ба, қалай? Ерік-жігерімізді тежей алмай, күні-түні байланып отыратын болдық әйтеуір.
Жастарға дабыл қағып айтқым келеді: үмітті елдің ертеңі үшін жастық жігерімізді білім алуға сарп етейік! Отанымызға мәңгүрттенген жастар емес, өзі ойлап, өзі шешім шығара алатын нағыз жастар қажет!
Зарема Тоқтарова