Сенбілікке түгел қатысайық

Әр көктем және күз сайын өзіміз тұрып жатқан, еңбек ететін  және демалатын жерлерді  тазарту және көркейту бойынша сенбіліктер өткізу жақсы дәстүрге айналды. Мерекелік іс-шараларды өткізгенде көшелердің, аулалардың және саябақтардың таза болғаны аса маңызды. Ұйымшылдықпен іске кіріссек біздің қаламыз тазарып, жақсарып, көркейе түсеріне сенімдіміз. cc_1
Қаланың коммуналдық қызметтері қала көшелерін, алаңдар, скверлер мен саябақтарды, үй жанындағы аумақтарды санитарлық тазарту, тұрмыстық қалдықтарды жинау және сыртқа шығару жөнінде тұрақты түрде күнделікті  жұмыстарын жүргізуде.
Барлық салалар мен меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың еңбек ұжымдарын, жалпы білім беретін, орта және жоғары оқу орындарының басшылары мен оқушыларын, көп пәтерлі үйлер мен жеке үйлер тұрғындарын  үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде жалпықалалық сенбіліктен басталатын санитарлық тазалық айлығына  белсене атсалысуға шақырамыз.
Сенбіліктер бұдан соң әрбір жұма күні сағат 14.00-де болады.
 
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓