Жаңа тағайындаулар

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен осы жылдың 27 қаңтарынан бастап, Мұхаметқалиев Ринат Закиұлы Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. Ринат Закиұлы әлеуметтік саладағы барлық мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі өкімімен осы жылдың 26 қаңтарынан бастап, Кочкурова Оксана Евгеньевна арнайы тексеру нәтижелерін алған күнге дейін Қостанай облысы әкімдігінің Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ол бұрын «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Мұнымен қоса, Айман Елеманқызы Ибраева Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайындалды. Ол бұрын білім басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓