Темір жолда кедергі болмауы тиіс

Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде екі мәселе қаралды. Оның бірі – сәулет және қала құрылысы, екіншісі – жүк тасымалдау саласы. Алғашқы болып Қостанай темір жол бөлімшесінің басшысы Сағындық Жұмабаев соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. 17415-6-_aza_stan_tem_r_zholyn_ruШикізат тасымалдау көлемі соңғы уақытта айтарлықтай төмендеген. Қазір Қытай, батыс Еуропа елдерімен байланыс орнаған. Баяндамашы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке туындап отырған бірнеше проблемаларды да жеткізді.
Биылғы жылы элеваторларға баратын кіреберіс темір жолдар дұрыс емес. Осы жылдың өзінде 17 рет вагондар рельстен шығып кеткен. Сондықтан, осы жолдарды жөнге келтіру керек. Мысалы, Тобыл элеваторы, Қостанай диірмені, “Алтынсарин” ЖШС жүк түсіру алаңдарында қиындық туындаған.
“Ең алдымен, қозғалысты кідіртпеу керек. Бұл жолдарды теміржолшылар тексере алмайды. Бұл заңға қайшы. Былтыр бұл мәселе өзара шешілсе, ендігі уақытта айтарлықтай қиындық туғызуда” ,-дейді баяндамашы.
Аймақ басшысы бұл мәселеге орай көлік инспекциясына тапсырма беріп, бақылауға алуды жүктеді. Бірақ тексеріс болады деп, жан-жақтан жан алқымға алмауды да ескертті. 
–Тағы бір назар аударатын мәселе, темір жол бойында қараусыз жүретін ірі қара мал пойыздға соғылып, қозғалысты тежейді. Мысалға, Әулиекөл, Қамысты аудандарын алуға болады. Құсмұрында жақында ғана жылқы малы пойызға соғылды. Иесі табылмады. Бұл отарбаға мінген адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл мәселеге де атүсті қарауға болмайды, – деді С. Жұмабаев.
Темір жол саласындағы тағы бір қиындық “Тальго” вагондарын толтыру қиын болып тұр. Бұрын бұл меже 50 пайызға орындалса енді тіптен төмендеген. Бұл поезд айына екі рет жүретін болады.
–8 айдың қорытындысы бойынша жүк тасымалдау бойынша көрсеткіш төмендеп кеткен. Алдағы төрт айда жоспарды орындау керек. Жолдарын қарастырыңдар. Арқалықты дамыту үшін сол жақта жұмыс орындарын ашыңдар. “Тальго” жылдам поезді бойынша халықтан түскен шағым көп. Себебі облыс орталығына тоқтамайтыны ыңғайсыздық тудырады. Бұл мәселені де шешіңдер,– деп тапсырма берді облыс әкімі А. Мұхамбетов.
Аудан және ауыл әкімдері қараусыз жүрген малға тосқауыл қойып, бұл мәселені қолға алуын тапсырды.
 
      
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓