«Ауылым – менің жұмағым»

«Ауылым – менің жұмағым!» деген пікірге өз басым толығымен келісемін. Ауыл – елдің бір бөлігі.
Біздің ауылдың аты – Жайнаққұм. Бұл Үлкен Торғайдың Қошалақ жайлауының (Қарақұдық, Қарасай, Бозайғыр, Мекебай, Жайнаққұм) бір қоныс орны. Нұрхан ақын айтқандай, "қоңыр бұйрат құмы бар, жапырағынан бал тамған, мұнар тартқан нұры бар". Бұл жер өзімнің балалық шағымды өткізген, әке-шешемнің қолымнан тәлім-тәрбие алып өскен жерім. Міне, бұл жер қазір менің балаларым мен немерелерімнің ұйытқысына айналды. Барлық төрт түлік малымызды бағып, өсіріп жатырмыз. Сол малдың өсуіне, өнімдерін алуына (май, құрт, қымыз, ірімшік, ет) өз үлестерін қосып жүр. Жазғы демалыста барлық балаларым, немерелеріммен өзіміздің киіз үйді тігіп, бір ай бойы демалады.IMG-20160916-WA0007
 
IMG-20160916-WA0005
IMG-20160916-WA0004
IMG-20160916-WA0006Немерелеріме ең жақсысы, өздері ерте тұрып, су тасуға, қи жинауға, сиыр саууға, сүт тартуға, бие саууға, қой бағуға көмектеседі, әрі өздері үйренеді. Бұл адамның еңбек уақыты, өздері дайындаған құрт пен еттің құнын біледі. 
Балалар қоршаған табиғатты көріп қызықтайды және жаратқанның шексіз жақсылығына таң қалады. Жер, су, ауа құблыстарын, аспан әлемін және ондағы құблыстарды өз көзімен көреді. Соны көріп өскен балалардың жерге деген, ауылға деген, елге деген, мемлекетке деген сүйіспеншілігі, махаббатты және патриотизмі күннен-күнге арта түседі.
Менің ауылым – менің, балаларым мен немерелерімнің жұмағы. 
 
1-суретте: Жұмашев Мираш, жұбайы Гүлнәр екеуі, немерелері Әділ мен Елнұрмен бірге қасиеттікиіз үй төрінде.
2-суретте: немерелері ауыл көліктерімен еңбек етуде. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓