«Қазақ тілінің білгірлері»
Осындай атаумен аудандық тілдерді оқыту орталығында өзге ұлт өкілдері арасында өңірлік сайыс өтті.
Мақсат – мемлекеттік тілге деген құштарлықты арттыру, отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу және тілдің үштұғырлылығын насихаттау.

SONY DSC
Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша, бірінші орынды «Бірлік» тобы (№1 Урицк ОМ ) бағындырса, екінші орынды «Жас Ұлан» тобы еншілеп (Урицк ОМ), үшінші орынды «Болашақ» тобы місе тұтты (Урицк ОМ).
Жеңімпаздар мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.