Індет жұқтырғандар саны 36-ға жетті

Қостанай облысында  23 сәуірдегі сағат 10.00-дағы жағдай бойынша, COVID-19 дертін жұқтырғандар саны 36-ға жетті. Коронавирустық инфекция 1965 жылы туған Қостанай қаласы тұрғынынан анықталды.    200228162150a3619820d
Қалалық ауруханада емделушілерді профилактикалық тексеру аясында инфекция жұқтырған ер кісі практологиялық бөлімде қосалқы аурулармен емделіп жатқан.    
Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы тиісті іс-шаралар  жүргізілді. Осы науқаспен байланысқан барлық тұлғаларға карантиндік шаралар қолданылды.  
Ер адам туралы мәліметке сүйенсек, ол жеке үйде тұрады, жұмыс істемейді.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.   
Науқас Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓