Бала өліміне кінәлі
Қостанай гарнизонының әскери сотына 6697 әскери бөлімінің қызметкері аға сержанты Д.М. Дьяченкоға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол ҚР ҚК 345-бабында қаралған қылмысқа барған. Яғни жол ережесін бұзып, баланың ажал құшуына себепші болды.
Алдын ала тергеу ісі барысында Дьяченко өзіне тағылған айыпты мойындады. Оған қазіргі уақытта бұлтартпайтын қатаң бақылауға алу шарасы қабылданды. Соттың істі қарауы 4-қазанда болады.