“Ауылым – менің жұмағым”

Байқаудың бүгінгі үміткерлері – Нұрислам және Аслан Мырзабековтер. 
Биыл Нұрислам Науырзым ауданының Жамбыл бастауыш мектебіне 2-сыныпқа көшсе, інісі шағын орталыққа барады.  Екеуі жаз бойы атасының үйіне болып, үй шаруашылығына көмектесті. Олар өрістен келген қой-ешкілерді күтіп алып, жем-суларын беруді күнделікті әдетке айналдырған. Сондай-ақ, өздерінің ең сүйікті жануарларының бірі – күшік пен мысық.  Өте қатты жақсы көретіндері соншалық, өздерінің жеген тамақтарының жартысын ата-анасынан тығып, анда-санда мысығы мен күшігіне беріп тұратындары да бар. Осылайша, екеуі де жазғы демалыстарын ауылда тамаша өткізді. Ендеше, жас әуесқой фотосуретшілер Нұрислам және Аслан Мырзабековтердің  туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.bBKVhZVGnTY
 
1UGGnRNYMlo
qOuRU_yAGwI

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓